RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

228 млн теңге шығын: Абай облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер анықталды

15.06.2026, 10:03 82

Абай облысында мемлекеттік орман қоры аумағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер анықталды, деп хабарлайды «24KZ».

Аталған заңсыздықтар «Семей орманы» МОТР ММ-нің Тау-Дала филиалына қарасты Үлкен-Бөкен орманшылығы аумағында тіркелді.

Абай облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, топырақтың құнарлы қабаты мен жасыл желектер жойылып, орман қорының жерлері бүлінген.

Орманшылықтың мәліметіне сәйкес, келтірілген залал мөлшері 228 млн теңгеден асты.

Осыған байланысты Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы 3-бөлігі 3) тармағы бойынша (жер қойнауын өз бетінше пайдалану) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Облыс прокуратурасы жер қойнауын заңсыз пайдалану, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда шаруашылық қызметті жүзеге асыру заңда белгіленген жауаптылыққа, оның ішінде қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz