RU
Толық нұсқаға өту

Қостанайлық оқушылар экологиялық зымыран жасады

21.06.2026, 10:00 40

Қостанайлық оқушылар халықаралық ғылыми байқауда топ жарып, бірінші орынды иеленді.

Жас өнертапқыштардың құрастырған зымыраны құрылымы мен ұшу ұзақтығы бойынша үздік жоба деп танылған. Жобаның басты ерекшелігі – оның экологиялық бағытта қолданылу мүмкіндігі. Оқушылардың айтуынша, зымыран атмосфераға зиянды заттардың бөлінуін азайтатын технология негізінде жасалған.

Астанада өткен халықаралық ғылыми байқауда қостанайлық оқушылар Арсен Ермекұлы мен Давид Есмағамбетовтың өз қолдарымен жасаған зымыраны ұшу биіктігі, жылдамдығы жағынан басқалардан басым түсті. Өзгелердікінен тағы бір ерекшелігі, зымыран құр ұшып, қонбайды, экологияны сақтауға үлес қосады.

Арсен Ермекұлы, мектеп оқушысы:

- Басы «обтикательде» тұқым салғанбыз. Ол тұқым зымыран ұшқан кезде ішіндегі заттарды шығарған кезінде басы «обтикатель» ұшып кетеді де, ішіндегі тұқым шашыла бастайды. Сол адам жетпейтін жерлерге ұшып, бір таулы мекендерге, жанып кеткен жерлерге тұқым сеуіп жерді құнарландыра бастайды.

Балалардың ғылыми жетекшісі Салтанат Маженованың айтуынша, Арсен мен Давидтің жеңісінен кейін осындай жобаларға қатысуға ниетті оқушылар көбейген.

Салтанат Маженова, физика пәнінің мұғалімі:

- Соның барлығы ынталандырып, маған келіп жатыр. Алты оқитын кішкентай бала «мынаны былай жасадық» деп келеді. Иә, өзі жасайды, енді мына жерде ебелегін салу қалды. Бұл ракета «резиново моторный» деп есептеледі.

Бұл мектепте ғылыми зерттеу жұмыстары жақсы жолға қойылған. Тек физика ғана емес, тарих, қазақ тілі, информатика пәндері бойынша да оқушылар ғылыми жұмыстар жазады.

Жанар Қалиева, №15 мектеп директорының орынбасары:

- Негізі мектеп бойынша 30-ға жуық оқушы ғылыми жұмыспен айналысады. Осы таңда бізде республикалық, халықаралық деңгейлерде, облыстық деңгейлерде, қалалық деңгейлерде орындар алып жатыр. Зерде ғылымы бойынша 14 жұмыс қатысып, соның ішінде 10 жүлделі орындар бар.

Ал Арсен мен Давид ғарыштық зерттеу жұмыстарын әрмен қарай жалғастырмақ. Олар шағын зымыранды басқару жүйесін жетілдіре түсуді мақсат етеді.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz