Қазақстандағы орманды алқап ауданы 14 млн гектарға жуықтайды.
Соңғы 15 жылда орман шаруашылықтары 13 пайызға ұлғайған. Жіктеп қарайтын болсақ: 2010 жылы орманды алқап 12 млн гектарға тең болса, араға он жыл салып оның ауданы 800 мың гектарға артқан. Ал 2020 жылдан бері қарай тағы 800 мың гектарға ұлғайған. Орман қорын түгендер болсақ, 2010 жылы 29 млн гектар болса, 2020 жылы 30,5 млн-ға жеткен. Бүгінгі таңда қордың аумағы 31 млн 400 мың гектарды құрап отыр.
Елдегі орманды алқап ауданы
2010 жыл – 12,3 млн га
2020 жыл – 13,1 млн га
2026 жыл – 14 млн га
Орман қоры
2010 жыл – 29 млн га
2020 жыл – 30,5 млн га
2026 жыл – 31,4 млн га
Тегтер #орман алқабы #Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz