Үкімет жасанды интеллект негізінде су ресурстарын басқару жүйесін құрмақ.
Мұндай платформа мұздықтар, өзендер, су қоймалары және жерасты сулары туралы деректерді біріктіріп, болжам жасауға, жоспарлауға көмектеседі. Қазірдің өзінде табиғи апаттарды ерте ескерту жүйелері дамытылып жатыр.
Кейбір трансшекаралық учаскелерде су ресурстарын цифрлық мониторингтеу қолға алынды. Сарапшы Қуаныш Өзбеков мұздықтарды тұрақты бақылау да маңызды дейді. Өйткені елде 2000 шаршы шақырым болатын 2700-ге жуық мұздық бар. Солар біртіндеп азайып келеді. Бұл алаңдатарлық жайт. Себебі елдің тұщы су қорының стратегиялық резерві осы. «Қазір Тянь-Шань мен Алтай мұздықтары Қазақстанның су ресурстарының едәуір бөлігін қалыптастырады. Жасанды интеллект тәулік бойы спутниктік деректерді талдап, су қорының өзгерістерін ондаған жылдарға алдын ала болжай алады», – дейді сарапшы.
Тегтер #үкімет #жасанды интеллект жылы #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz