Сәтбаев қаласында көшедегі тал-терек жерасты суымен суарылады.
Яғни өз суы өзінде. Бұл үшін алыстан құбыр тартып, тіршілік нәрін жеткізіп қажеті жоқ. Арнайы ұңғымалар қазылған. Құдықтан шыққан жерасты суы резервуарларға жиналады. Одан әрі саябақтағы, көшедегі жасыл желек тамшылатып суарылады. Мамандар бұл әдіс Бетпақдаламен шектесіп жатқан шөлейтті аймақта суды үнемдеуге мол мүмкіндік. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға жергілікті қазынадан 128 млн теңге бөлінген. Биыл егілген 6 мың түп мамыргүл мен жасыл белдеудегі мың жарым көшет осы әдіспен суғарылып жатыр.
Ахмет Сыздыманов, қала әкімінің орынбасары:
- Мұның барлығы пилоттық жоба болып есептеледі. Пилоттық жоба өзін жақсы көрсетіп, сулардың барлығы шығып, лабораториялық тексерістен барлығы өтіп жақсы жағынан көрсеткен болатын. Ұлытау көшесінде 2 ұңғыма, Ерден көшесінде 2 ұңғыма, Мәңгілік ел көшесінде бір ұңғыма және де Жеңіс паркінде тағы бір ұңғыма қазылған болатын. 25 ұңғыма қазу жоспарда бар.
Тегтер #Сәтбаев #жасыл желек #тамшылап суару #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz