RU
Толық нұсқаға өту

Шегірткеге қарсы 1,5 млн гектар алқап өңделді

29.06.2026, 14:00 33

Елде егіс алқаптарын шегірткеден қорғау жұмыстары жалғасып жатыр.

Бүгінге дейін зиянкестерге қарсы 1,5 млн гектар алқап өңделді. Жалпы биыл 2,2 млн гектар алқапты өңдеу жоспарланған. Әрі қызметтерді сатып алудың бірыңғай жүйесі енгізіліп, соның нәтижесінде сатып алу үдерістері орталықтандырылды. Соның арқасында бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі артты. Сондай-ақ бүріккіштердің өнімділік деңгейі қайта қаралып, 100 гектардан 70 гектарға дейін төмендетілді. Бұдан бөлек фитосанитарлық қызметтің техникалық паркі жаңартылып, 103 дрон сатып алынды. Оның 57-сі мониторингтік зерттеу жұмыстарына, ал 46-сы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге арналған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz