Шаруалар су үнемдеуді үйреніп келеді.
Дән егіп тер төккен диқаншылар қажет болса егіс алқаптарын әртараптандыруға көшті. Ал орманның жайы не болмақ? Жасыл желектің басым бөлігі Шығыс Қазақстан аймағында шоғырланған.
Елде орман қоры аз, соның өзінде маман тапшы. Жалақы өсіп, жағдай жақсарғанымен күні бүгін аталған салада 700 қызметкердің орыны бос тұр. Сарапшылардың айтуынша, жастар қызметке келгенімен тұрақтамайды. Осылайша жасыл желегі көп өлкеде, оны қорғайтын орманшы табу қиынға соғып барады, дейді мамандар. Енді аймақта бұл мәселе қалай шешімін табады? Кадр даярлау қаншалықты жолға қойылған?
Қазақстандағы қылқан жапырақты орманның 49 проценті ел шығысында өседі. Бірақ табиғаттың осынау ен байлығын сақтап, қорғау оңай болмай тұр. Өйткені орман шаруашылығында кадр тапшы. Қазір осы салада 700 бос жұмыс орыны тіркелген. Жастардың келуінен кетуі тез. Мәди Құмарханов Риддердегі орманшылықта екі жылдан бері еңбек етіп жүр. Енді бірнеше күнен соң басқа салаға ауыспақ. Себеп сан алуан.
Мәди Құмарханов, орман шебері:
- Риддер қаласында орман шаруашылығында жұмыс істеудің басты қиыншылықтары квартира берілмейді үкіметтен. Тұратын жердің квартирасы қымбат. Сол үшін Өскеменге өзім тұрайын деп бара жатырмын, өз үйіме.
Ардагер орманшылардың айтуынша, Абай облысындағы алапат өрттен соң еңбеккерлердің жағдайын жасау бойынша біраз жұмыс істеліпті. Аз мөлшерде болса да жалақы көтерілген. Бұрын 85 мың теңге алып келген қызметкерлердің еңбекақысы 260 мың теңгеге жеткен. Алайда айлығымыз шайлығымызға жетпейтіні рас, дейді орманшылар.
Динара Сейтәшімова, Риддер орман шаруашылығы кадр бөлімінің инспекторы:
- Қызметкерлерді баспана мәселесі қатты алаңдатады. Олардың ішіндегі жоғары біліммен келгендерінің өзі бар болғаны 300 мың теңге алады. 180 мың теңгеге пәтер жалдайды. Осыдан-ақ күнкөрістің қаншалықты қиын екені байқалады.
Орман өрті кезінде қызметкерлер апталап далада жатады. Іссапар ақысы мардымсыз, кадр даярлау жағы да күрделі. Өңірде орманшылар дайындайтын жалғыз колледж бар. Риддер қаласындағы ол мекемені жылына 120 студент бітіреді. Бірақ солардың дені салада қалмайды.
Сұңғат Асқаров, Риддер аграрлық-техникалық колледжнің директоры:
- Басқа мамандықтармен салыстырған кезде, кәсіпорындар студенттерге жұмыс практикасы кезінде белгілі бір жалақы төленеді. Ал бұл салада бұндай жалақы қарастырылмаған. Бұл сонда студенттердің бұл мамандыққа деген қызығушылықтң азаюына әкеліп соғады деп айтуға болады.
Қиындыққа төзіп, қызметте қаламыз дегендер тағы бір кедергіге тап болды. Екі жыл бұрын біліктілік талаптары өзгерді. Салдарынан колледж түлектері енді орман шебері емес, тек орманшы болып қана жұмысқа орналаса алады. Бұл жалақының төмендеуіне әкеп соғады. Сондықтан орманшылар осы талап қайта қаралса дейді. Әзірге оларға шекаралық аудандарды дамыту бағдарламасынан ғана көмек бар.
Мұрат Құсайынов, ШҚО Табиғи ресурстар басқармасының басшысы:
- Сол шекарадағы орман шаруашылықтарды кадрға толтырып жатырмыз. Ақырғы жылдары Зайсан орман шаруашылығының кадры толды. Большенарым орман шаруашылығындағы кадрды толтырдық. Енді қазіргі кезекте Марқакөл орман шаруашылығы, Верхуба, Күршім орман шаруашылықтары осындай кезекте тұр.
Дегенмен, әзірге жүйедегі кадр тапшылығын толық шешу мүмкін болмай тұр. Сондықтан ең алдымен жалақыны көтеріп, баспанамен қамту мәселесін жолға қою керек, дейді сарапшылар.
Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов
Тегтер #ШҚО #орман шаруашылығы #маман тапшылығы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz