Биыл 1 мың шақырымдай арнаны пайдалануға беру жоспарланған.
Бұл 200 мың гектарға жуық суармалы жерді тіршілік нәрімен қамтиды. Сондай-ақ сумен жабдықтау нысандарын салу және қайта қалыпна келтіру бойынша 12 жоба іске қосылады. Нәтижесінде жарты миллионнан аса халқы бар 142 елді мекенге сапалы ауыз су жеткізіледі. Премьер-министр су кеңесін өткізіп, өңір әкімдеріне гидронысандарды жаңғыртуды күшейтуді тапсырды. Сала мамандарын даярлайтын оқу орындарына грант санын арттыру көзделген. 3 жылдан 1 мың 700-ге жуық грант бөлінсе, алдағы оқу жылына тағы 1 мың грант бөлінбек. Ал 2 жарым жылда «Қазсушар» мекемесі қызметкерлерінің орташа жалақысы екі еседен аса өскен. Жалпы су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы және су саласын көтерудің кешенді жоспары аясында жалпы 3,2 трлн теңге болатын 160 іс-шара жүзеге асырылып жатыр.
Тегтер #премьер министр #су мәселесі #кеңес #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz