RU
Толық нұсқаға өту

Олжас Бектенов су саласындағы жобалардың кешіктіріліп жатқанын сынға алды

08.07.2026, 15:17 30

Су саласында сапалы жұмыс талап етіледі.

Премьер-министр өңірлерде бірқатар жобаны жүзеге асыру кешіктіріліп жатқанын сынады. Қаражат қажырға тіреледі. Яғни облыс әкімдіктері жергілікті бюджеттер есебінен іске асырылатын жобаларға басымдық беруі тиіс. Ал сала министрлігіне кешенді жоспарды мерзімінен кешіктірмей орындау тапсырылды. Сондай-ақ Олжас Бектенов су үнемдеу технологияларына мән беріп, мәселе Мемлекет басшысының бақылауында екенін еске салды. Премьер-министр трансшекаралық өзендер бойынша су көрсеткіштерінің сапасына мониторингті күшейтуді міндеттеті. Бұдан бөлек келер жыллы қаңтарға дейін су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесіне гидротехникалық құрылыстардың құжаттарын енгізуді тапсырды. Тағы Ұлттық деректер банкін Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесімен біріктіру жүктелді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz