RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Маңғыстауда жыртқыш құстарды оңалтуға арналған орталық ашылды

09.07.2026, 09:41 59

Маңғыстау облысында жыртқыш және Қызыл кітапқа енген құстарды құтқаруға арналған уақытша оңалту орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды «24KZ».

Орталықтың негізгі мақсаты – жарақат алған немесе әлсіреген құстарды қабылдап, ветеринарлық көмек көрсету, емдеу және оңалтудан кейін оларды табиғи мекеніне қайта жіберу.

Мамандардың айтуынша, Маңғыстау – қоныс аударатын құстардың маңызды көші-қон бағыты. Сондықтан өңірде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар құстар жиі ұшырасады. Алайда олар электр желілеріне, көлікке немесе өзге де инфрақұрылым нысандарына соғылып жарақат алып, кейде заңсыз аулаудың құрбанына айналады.

Орталық мамандары тұрғындарды жараланған немесе әлсіреген жыртқыш әрі Қызыл кітапқа енген құстарды өз бетінше емдеуге әрекет жасамауға шақырды. Мұндай жағдайда құсты мамандарға тапсырып, қажетті көмекке жүгіну қажет.

Орталықта бүркіт, ителгі, лашын, дала қыраны, аққұйрық субүркіт, үкі, жапалақ сияқты жыртқыш құстармен қатар, қоқиқаз, бұйра бірқазан және өзге де Қызыл кітапқа енген сирек құстар оңалтылып, сауығып шыққаннан кейін табиғи ортасына қайта жіберіледі.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz