Алматы облысында өрт қаупі жоғары кезең басталғалы 33 орман өрті тіркелді.
Қызыл жалын ошақтары Іле-Алатауы ұлттық паркінде, сонымен бірге Қарадала, Бақанас, Күрті және Қаскелең орман шаруашылықтарында анықталды. Өрттің алдын алу үшін облыстың әр ауданында 13 мобильді топ жұмыс істейді. Олар 50-ден астам профилактикалық рейд өткізді. 1400-ден аса адам қажетті техника және құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді.
Данил Лебедев, ТЖД мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасының аға инженері:
- Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзып, құрғақ шөптің жануына себепкер болған 21 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын айыппұл салынды.
Тегтер #Алматы облысы #ауа райы #орман өрті #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz