Аптап ыстықтан кейін Қазақстанның солтүстік өңірлерінде ауа райы өзгереді. Алдағы күндері бұл аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Ал оңтүстікте аптап ыстық сақталып, ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды «24KZ».
Қазгидромет мамандарының айтуынша, 15-16 шілде күндері солтүстік-батыс циклонының әсерінен еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал. Сондай-ақ желдің күшеюі күтіледі. Осы кезеңде солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 25-30 градус шамасында болады.
Ал Қазақстанның оңтүстік және шығыс бөлігінде ыстық ауа райы сақталады. Мамандардың болжамынша, бұл аймақтарға Өзбекстан аумағынан келетін құрғақ ауа массалары әсер етеді.
Оңтүстікте күндізгі температура 40-45 градусқа дейін көтерілсе, шығыс өңірлерде 33-38 градус ыстық болады. Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #ауа райыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz