Елде де күн күйіп тұр.
Синоптиктер алдағы күндері оңтүстік пен орталық аймақтарда ауа температурасы 40 градустан асатынын болжайды. Ал елордада сынап бағанасы 37 градусқа жеткенімен, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Ыстық салдарынан бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр. Мамандар тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.
Ардақ Қалменова, «Қазгидромет» РМК қысқа мерзімді ауа райы болжамдары басқармасының басшысы:
- Бізде әлі де Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында өте қатты ыстық болжанып жатыр 38-43 градус. Ақмола облысының солтүстігінде, орталығында, шығысында 33 градусқа дейінгі аптап ыстық сақталатын болады. Солтүстік, батыста аптап ыстықтың бәсеңдеуін 16 шілдеден бастап болжап отырмыз.
Тегтер #ауа райы болжамы #аптап ыстық #климат өзгерісі #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz