Абай облысында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша «Семей орманы» аумағындағы өртті сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін төтенше жағдайлар және экология министрлері осы аймаққа барды. Жедел басқару орталығының базасында штаб құрылды.
Рүстем Қайратұлы, тілші
- Өртті сөндіруге Абай және Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласынан төтенше жағдайлар қызметі тартылды. Сондай-ақ әскери бөлімнің жеке құрамы да жіберілді. Тілсіз жаумен 600-ге жуық адам, жүзден астам жерүсті техникасы және 5 тікұшақ жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Кеше таңғы 10:00 шамасында тұтанған өрт 370 гектар жерді шарпып үлгірген.
Бауыржан Омаров Семей орманы резерватының өкілі
Рүстем Қайратұлы, тілші:
- Төтенше жағдайлар қызметкерлері ішкі істер министрлігі және Абай облысының әкімдігімен бірлесіп, қауіпсіздікті қамту шараларын қолға алды. Қорғаныс министрлігінің авиациясы Абай облысындағы орман өртін сөндіруге жұмылдырылды. Әуе қорғанысы күштерінің экипаждары өрт ошақтарына 294 тонна болатын 159 мәрте су төкті. Авиацияның үйлесімді жұмысының арқасында өрттің таралу қарқыны бәсеңдеп, жердегі бөлімшелердің өртті оқшаулауына мүмкіндік туды.
Тегтер #Семей орманы #өрт сөндіру #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz