RU
Толық нұсқаға өту

Астананың Нұра ауданында экологиялық рейд өтті

18.07.2026, 21:33 45

Елорданың Нұра ауданында экологиялық рейд өтті.

Орталық саябақта тазалық сақтауға, абаттандыру ережелерін бұзбауға арналған жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылды. "Заң мен тәртіп" қағидаты негізінде өткен науқан қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Рейд барысында саябаққа келушілерге арнайы түсіндірме парақшасы таратылды. Аудан әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарын тынығу орындарын таза ұстауға шақырды.

Азамат Әжібаев, Нұра аудандық полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары:

- Өздеріңіз білесіздер, күн ыстықта қоғамдық ортада барлық азамат саябақтарға шығады. Осындай уақыттарда қоқыс қалдырып кеткен жағдайда немесе басқа да қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің талаптарына сәйкес айыппұл салынады. Ескерту жұмыстары жүргізіледі. Бекітілген аумақта патрульдік жасайтын инспекторлармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz