Қостанай облысында заңсыз құм өндірген кәсіпкер енді заң алдында жауап береді.
Тергеу мәліметінше, күдіктіге тиесілі серіктестік жұмысшылары Тобыл өзені жағасынан мемлекет белгілеп берген аумақтан тыс жерде құм өндірумен айналысқан. Бірнеше жер снарядымен жүргізілген қазу жұмыстары салдарынан өзен арнасы өзгеріп, жағалау сызығы бұзылған. Сонымен қатар нарықтық құны 719 миллион теңгеге бағаланған құмның рұқсатсыз өндіріліп, өзге кәсіпорындарға сатылғаны анықталды.
Ернар Тайжан, ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Ғарыштық түсірілімдердің деректеріне сәйкес, су қоры жерлерінің бүлінген аумағы 28 мың шаршы метрден асқан. Табиғи кешенді қалпына келтіру үшін жағалауды бекіту, өзен арнасын тазарту және бүлінген жерлерді рекультивациялау жұмыстары қажет. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді.
Тегтер #Тобыл #құм #табиғат #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz