Ақтөбеде соңғы үш күн бойы аптап ыстық орнады.
Сынап бағанасы 41 градустан түспей тұр. Жаздың ми қайнатар ыстығы дәрігерлердің жұмысына оңай соғып тұрған жоқ. Жедел жәрдем қызметіне түсетін шақыртулар саны артқан. Тұрғындар жағажайларда бас сауғалап жүргендіктен құтқарушылар күшейтілген жұмыс кестесіне көшті.
Күннің ыстығы күшейген сайын медицина мамандарының жұмысы қыза түсті. Соңғы аптада облыстың жедел жәрдем бригадалары мыңдаған адамға көмек көрсеткен. Мұндай ауа райы әсіресе созылмалы дерті бар жандарға ауыр.
Бақыт Бисенова, облыстық жедел жәрдем станциясының дәрігері:
- 6-26 июль күндері өте ыссы болды. Сол күндері артериалды қысым көбею себебімен 2681 шақырту болды. Гипертензивный кризис шақыртулары 263 вызов болды. Күн тию себебімен болған шақыртулар - 15.
Аспан айналып жерге түскен күндері тұрғындар суқоймаларда бас сауғалайды. Демалыс күндері жағажайларда ине шаншар орын қалмайды.
Оксана Жигулова, Екатеринбург қаласының тұрғыны:
- Ақтөбеге қонаққа келдік. Жаз айларында бізде де ыстық болады. Бірақ дәл бүгінгідей қапырық болмайды. Сондықтан суқоймаға келіп отырмыз. Құтқарушылары бар арнайы орындарда тынығамыз. Себебі қауіпсіз.
Құтқарушылар ертеден кешке дейін кезекшілікте. Полицейлер волонтерлермен бірігіп күнделікті 300-ден астам адам рейдке шығады. Рұқсат етілмеген орында шомылған, масаң күйде суға түскендерге шара қолданады. Жаз басталғалы қауіпсіздік ережесін елемегендерге қатысты 110 хаттама толтырылған.
Дастан Нұрғали, ТЖД басқарма инженері:
- Күнделікті сағат 11:00-ден 20:00 дейін рейдтік жұмыстар атқарылады. Ол дегеніміз бұкіл қала бойынша және аудандар бойынша учаскелер белгіленген, сол бойынша қызметкерлер жұмылдырылады. Мысалы, Ақтөбе суқоймасының арғы бетінде балықаулаушылар және демалушылар көп кездеседі. Сол азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп ол жерлер суға түсуге жабдықталмаған яғни тиым салынғаны туралы айтамыз. Және де қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.
- Фонтанның қосылғанына күтіп отырмыз. Қосылғанша көлеңкеде отырамыз.
- 2-3 күннен бері қатты ыстық. Сол ыстыққа қарамай, үйде отыра алмай, ыссылап осы фонтанға келгеніміз бар. Жарты сағаттай осы фонтанға ойнап. уақытымен қосады екен фонтанды.
Мансұр Есқожин, тілші:
- Синоптиктер Ақтөбеде аптап ыстық ауа райы әлі 3-4 күн болады деп болжап отыр. Сондықтан созылмалы дерті бар жандар үйден шықпағаны жөн. Қауырт шаруасымен шыға қалған жағдайда көлеңке жағалап немесе фонтан жанында сергіп алғаны абзал.
Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков
Тегтер #Ақтөбе #аптап ыстық #24KZ #ауа райы болжамыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz