RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда Пёстрое көлі тазартылады

29.07.2026, 13:49 55

Петропавлда алғаш рет Пёстрое көлін тазарту жұмыстары жүргізіледі. 

Көл жағасында облыс орталығындағы жалғыз жағажай бар.  Жұмыс екі кезеңге жоспарланған. Алдымен мамандар су қоймасының жағдайын бағалап,  экожүйесіне зиян тигізбей қалпына келтірудің  әдісін анықтайды.

Зерттеу жұмыстары жаздың соңына дейін жалғасады. Негізгі жұмыс келесі жылы басталады. Көл түбін тазалауға жер снарядтары қолданылады. Жоба аясында су қоймасының табаны лай мен арам шөптерден аршылады. Бұл көлдің экологиялық жағдайын жақсартып, табиғи жүйесін сақтауға, сондай-ақ демалушыларға қолайлы жағдай жасауға ықпал етуі тиіс, дейді жауаптылар. 

Тимур Жұманов, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

- Жұмыс үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Екінші кезең жабдықтарды, атап айтқанда,  жер снарядтарын жұмылдыру. Таяз суға арналған жабдық Петропавлда бар. Терең тазалау үшін  қажетті снаряд басқа қаладан әкелінеді. Жабдықтар дайын болғанда тазалауға кірісеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz