RU
Толық нұсқаға өту

Елордада тазалық сақтамағандар жауапқа тартылды

30.07.2026, 21:46 30

Елордадағы триатлон паркінде демалушыларға тазалықты сақтаудың маңызы түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды.

Шараға полиция қызметкерлері мен құтқарушылар қатысты. Олар азаматтарға қоғамдық орындарды пайдалану ережелерін таныстырып, рұқсат етілмеген жерлерде суға түсуге болмайтынын түсіндірді. Жаз басталғалы Алматы ауданы бойынша полиция қызметкерлері қоғамдық орынды ластаған 30 адамды жауапқа тартқан. Оларға сот шешімі бойынша айыппұл салынып, қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Нұралы Таңірбергенов, Алматы ауданы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы:

- Күнделікті, күніне 3 рет бізде  учаскелік инспекторлардың қайсы бос сол келіп, 1-2 сағат осы жерде күнделікті аралау, барлау жұмыстарын өткізіп жатады. Себебі қазір жаз мезгілі. Жаз мезгілінде бізде бұл триатлон паркте өте көп адамдар шоғырланады десек болады. Яғни адам көп келеді. Біз мынау «Таза Қазақстан» акциясы аясында қазір полиция қызметкерлері күнделікті жұмыс атқаруда. Яғни мұның бәрі тазалықты сақтауға бағытталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz