RU
Толық нұсқаға өту
фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Іле-Балқаштағы Үміт: жолбарыс жаңа мекенінде өздігінен аң аулай бастады

20.08.2026, 17:35 36

Қазақстанда Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына жіберілген амур жолбарысы Үміттің елдегі алғашқы 10 күнінің нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды 24KZ.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, мамандар жолбарыстың қозғалысын күн сайын бақылап, болған жерлерін зерттеп жатыр. Үмітке тағылған GPS-білезік арқылы оның жүрген аумақтары анықталады.

Бақылау барысында жолбарыстың өздігінен аң аулай алатыны анықталған. Үміт қасқыр аулап, оның етін бірнеше күн қорек еткен. Кейін жабайы қабан да ұстаған.

Мамандар мұны жолбарыстың жаңа ортаға бейімделіп, табиғи жағдайда өздігінен тіршілік ете бастағанының маңызды көрсеткіші деп отыр.

Алғашқы 10 күннің нәтижесі Үміттің табиғаттағы дербес өмірге бейімделу процесі сәтті өтіп жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, Үміт атты амур жолбарысы Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына жіберілген еді. Бұл – Қазақстан аумағында жолбарыс 70 жылдан астам уақыт бұрын жойылып кеткеннен кейін оны ел табиғатына қайта әкелу бойынша жасалған алғашқы қадам.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz