RU
Толық нұсқаға өту

Орталық Азияда температуралық рекорд жаңарды

21.08.2026, 20:00 32

Биыл Орталық Азия елдерінде ауа райы бойынша жаңа температуралық рекордтар жаңарды. Астана, Алматы, Ташкент, Бішкек, Ашхабад қалаларында соңғы 100 жылда болмаған ыстық күндер тіркелді.

Дүниежүзілік банк келтірген зерттеулерге сәйкес, 2050 жылы аймақтағы ыстық күндер қазіргіден 2 есеге көбейіп, орташа температура 50 градусқа дейін көтерілмек. Бұл өз кезегінде ішкі жалпы өнімге әсер етіп, ауыл шаруашылығы саласына залалын тигізері анық. 

Орталық Азия аймағы жыл өткен сайын климаттың өзгеру қаупімен бетпе-бет келіп жатыр. Жоғары температура мен құрғақшылық салдары экономикаға қосымша салмақ салды. Биыл Өзбекстанда соңғы 100 жылда болмаған ыстық ауа райы тіркеліп, көпті әбігерге салды. Әсіресе шаруалар қауымына оңай болмады.

Равшан Назаров, саясаттанушы:

-  Қазіргі таңда Орталық Азия елдеріне ортақ мәселелер көп. Атап айтсақ, аймақтық қауіпсіздікті күшейту, экономика, энергетика салаларындағы байланыстарды арттыру. Экологиялық жағдайды жақсартып, климаттың өгеруіне төтеп беретіндей қадамдар жасау өзекті. Су мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Айта кету керек, сарапшылардың өткізген диалогтарының нәтижесінде көрші мемлекеттер арасында ортақ түсінік қалыптасты. Орталық Азия елдері мәселені бірігіп шешудің жолдарын табуға тырысатын болды.

Аймақта су мәселесі өзекті. Сарапшылар тіршілік нәрін ортақ пайдаланудың өзара келісімі болғанымен іске келгенде ақсап жатқан тұстары бар екенін айтады. Әсіресе су үнемдеу және салаға жаңа технология енгізу мәселесі өзекті.

Қайсар Нығметов, Экономикалық зерттеулер институты төрағасының орынбасары:

- Орталық Азия Алдері экономиканы моделдеу бойынша өзара ақпарат алмасып отыруы маңызды деп ойлаймын. Себебі біздің аймақта климаттың өгеруі қатты сезіліп жатыр. Бұл өз кезегінде азық түлік қауіпсіздігіне әсер етеді. Ауыл шаруашылығы саласында  өнімділік көрсеткіші төмендеп, су тапшылығымен бетпе бет келу қаупі басым. Демек, осындай сценарийге дайын болуымыз үшін қазірден бастап, нақты қадамдар жасалуы тиіс.

Экология саласында қаржыландыруды қажет ететін жобалар аз емес. Аралды айтпағанда, трансшекаралық өзендер соңғы жылдары тартылып, суы азайып барады. Оның себебі таудағы мұздықтардың жылдам еруі, - дейді сарапшылар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz