RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда «Жаңа оқу жылына таза мектеп» акциясы жалғасып жатыр

24.08.2026, 15:28 44

Көпшілік белсене қол ұшын созған сенбіліктер жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында ұйымдастырылуда.

Қала мектептеріндегі тазалық және абаттандыру жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. Кезекті тазалық шарасы 20-шағын аудандағы №34 жалпы білім беру мекемесінде өтті. Мектеп ауласы қоқыстан тазартылып, гүл мен тал көшеттері егілген аумаққа құнарлы топырақ төселді. Сенбілікке ұстаздармен қатар оқушылардың ата-аналары да қатысты. 

Ерсұлтан Сәрсен қала тұрғыны:

-Мектебіміз жаңадан ашылғанына қарамастан осындай сенбілікте, абаттандыру жұмыстары жиі ұйымдастырылып тұрады. Мұндай жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі мақсаты - оқушыларға және аудандағы тұрғындарға, қала тұрғындарына үлгі болу.

Рысжан Кемелханова мектеп директоры:

- Мұғалімдер еңбек демалысынан кейін келген кезде, әсіресе ер мұғалімдеріміз осы мектептің сыртын абаттандыруға және тазалауға өз үлесін қосып келе жатыр. Жалғыз сенбіліктер емес гүл егу, ағаш отырғызу, бізді бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz