RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ Қазақстан ұсынған қарарды қабылдады

01.09.2026, 07:40 27

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан ұсынған қарарды қабылдады. 22 сәуір Халықаралық жер шарын көгалдандыру күні болып белгіленді. 

Бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясында көтерген еді. Осы ұсыныс халықаралық қауымдастықтың қолдауына ие болды. Ресми құжатқа айналды. Қарарға 32 мемлекет тең автор болды. Жаңа халықаралық дата табиғатты қорғау, экожүйелерді қалпына келтіру, жасыл желекті ұлғайту және қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыруға үндейді. Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды осы бағыттағы нақты бастамаларды жүзеге асыруға шақырады. Бұл идея Қазақстанда өтіп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының мақсаттарымен де үндес. 

Қайрат Омаров, ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

- Бүгінде халықаралық қоғамдастық бір-бірімен тығыз байланысты бірқатар экологиялық мәселеге тап болып отыр. Климаттың өзгеруі, шөлейттену, ормандардың жойылуы, су тапшылығы мен қоршаған ортаның ластануы халықтың әл-ауқатына және орнықты даму мүмкіндіктеріне барған сайын кері әсерін тигізуде. Бұл мәселелер бүкіл әлемге ортақ. Оларды шешу үшін әр елде және жергілікті жерлерде нақты әрекет қажет. Бұл тек экологиялық бастама емес, қоғамның қазіргі және келешек ұрпақтың игілігіне салған инвестициясы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz