«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге еліміздің ірі қалаларындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «24KZ».
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде Астанада ауа райы біртіндеп жылынады. Алматыда жаңбыр мен найзағай, ал Шымкентте жел күтіледі.
Астанада 2 қыркүйекте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 7-12 метрге жетеді. Күндіз жел 2-7 м/с-қа дейін бәсеңдейді. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +15+17°С болады. Топырақ бетінде 1°С-қа дейін үсік жүреді.
3 қыркүйекте жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Түнде ауа температурасы +6+8°С, күндіз +20+22°С. 4 қыркүйекте күндіз ауа температурасы +23+25°С-қа дейін көтеріледі.
Алматыда 2 қыркүйекте түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде ауа температурасы +11+13°С, күндіз +20+22°С болады.
3 қыркүйекте күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +22+24°С.
4 қыркүйекте де күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +12+14°С, күндіз +22+24°С болады.
Шымкентте 2 қыркүйекте жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +28+30°С болады.
3 қыркүйекте де жауын-шашын болмайды. Жел 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +28+30°С.
4 қыркүйекте күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай және шквал болуы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +28+30°С болады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #ауа райы #КазгидрометPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz