Аюлар ауыл тұрмақ, қаланы төңіректей бастады.
Шығыс Қазақстанда тұрғындардан 40-тан астам шағым түсті. Әсіресе шеткері үйлердің тұрғындары алаңдап отыр. Тіпті жыртқыш Өскеменнің өз басына да келіп, кетіп жүргенге ұқсайды. Таяуда су электр станциясының тұсында бейнетаспаға іліккен. Сосын Риддер төңірегінде көп. Қала маңын аралаған жергілікті фотограф бір күнде 11 аюды суретке түсірген. Таяуда омартада жүрген азаматты да аю талап тастаған еді. Жыртқыштың көбейгенін мамандар да растайды.
Сергей Карманников, ШҚО орман және аңшылық шаруашылығы жедел қимыл отряды бастығының орынбасары:
- Көбінесе адам тұратын аумаққа енесінен енді ажыраған қонжықтар жақындайды. Ал ірі аюлар бұның қауіпті екенін сезеді, сондықтан аса жоламайды. Жыртқыштар иен жатқан саяжайларға да үйір. Өйткені сол жердегі жеміс-жидекті қорек етеді.
Тегтер #ШҚО #аюлар #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz