Алматы облысында ағаш кесуге берілген рұқсаттар бойынша 1 млн-нан астам көшет отырғызу міндеті толық орындалмаған. Прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде бірқатар заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды «24KZ».
Облыстық Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көктемгі көгалдандыру жұмыстарының заңнамаға сәйкестігін талдаған.
Соңғы жылдары өңірде 100 мыңнан астам ағаш кесуге 307 рұқсат берілген. Ең көп заңбұзушылық Еңбекшіқазақ ауданында анықталды. Мұнда 120 рұқсат бойынша 63 мыңнан астам ағаш кесілген. Алайда кесілген ағаштардың орнына жаңа көшет отырғызу міндеті толық орындалмаған.
Прокурорлық қадағалау актісі енгізілгеннен кейін қазірдің өзінде 150 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Сонымен қатар 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазір облыстың жасыл қорын толық түгендеу және көгалдандыру жұмыстарын ғылыми сүйемелдеу мәселелері пысықталып жатыр. Мәселе облыс прокуратурасының бақылауында.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Алматы облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz