RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Қазақстанда қауіпті мұздақ көлдерден 3 млн текше метр су бұрылды

10.09.2026, 11:38 49

Елде жарылу қаупі бар мұздақ көлдерден шамамен 3 млн текше метр су бақыланатын түрде бұрылды. Бұл сел қаупін азайтып, халық пен инфрақұрылымды қорғау үшін жасалған алдын алу шараларының бірі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Сел қаупі кезеңінде мамандар 15 аса қауіпті мұздақ көлді тәулік бойы бақылауда ұстаған. Су деңгейін қауіпсіз межеге түсіру үшін 50-ге жуық сифон құбыры орнатылды.
Қазір №9 Ақсай және №19 Талғар көлдерінде су бұру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

«Мұздақ көлдердің басым бөлігінде су деңгейінің маусымдық төмендеуі байқалады. Мұздықтардан келетін еріген су ағыны айтарлықтай азайған. Мұздық процестерінің белсенділігі мен сел қаупінің жоғарылау белгілері анықталған жоқ», – деп хабарлады ТЖМ.

9 қыркүйекте «Қазселденқорғау» мамандары ғалымдар және бейінді сарапшылармен бірге Іле Алатауының солтүстік беткейін әуеден тексерді. Ұзынқарғалы өзені бассейнінен Түрген өзеніне дейінгі аумақ қамтылды.

Қауіпті учаскелер тәулік бойы бақылауда. Мамандар автоматтандырылған жүйелерді, бейнебақылау камералары мен гидрометеорологиялық датчиктерді пайдаланады. Биыл 852 жерүсті және 17 әуе тексеруі жүргізілген.
ТЖМ сел қаупі туралы ескерту алған жағдайда құтқару қызметтерінің нұсқауын орындап, өзен арналары мен тау шатқалдарына жақындамауға шақырды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz