RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарда 75 мың тонна макулатура өңделеді

10.09.2026, 17:40 46

Павлодарда қағаз қалдықтарын қайта өңдейтін жаңа кәсіпорын салынып жатыр. Зауыт іске қосылса, жылына 75 мың тоннаға дейін макулатура өңделеді.

Экологиялық маңызы бар жоба қоқыс көлемін азайтып, табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Яғни полигонға түсетін қағаз қалдықтары жаңа өнімге айналады. Жобаның құны 16 млрд теңгеден асады. Қазір зауытта өндірістік цехтар қаланып, қажетті жабдықтар орнатуға арналған нысандар тұрғызылып жатыр. Жоспар бойынша кәсіпорында 250 жаңа жұмыс орны ашылады. Қолданысқа беру мерзімі 2028 жылға белгіленген.

Гүлнәр Қайдарова, серіктестік директоры:

- Жылына 75 мың тоннаға дейін макулатура өңдейміз. Одан қағаз бен картон сияқты жаңа өнімдер шығарылады. Қазір мұндай шикізатты Ресейден аламыз. Сондықтан бұл жоба, ең алдымен, импортты алмастыруға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz