Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында сүйіртұмсық көлбақа алғаш рет тіркелді, деп хабарлайды 24KZ.
Мамандар бұл деректі өңірдегі биоалуантүрлілікті зерттеу үшін маңызды жаңалық деп бағалап отыр
Сүйіртұмсық көлбақа (Rana arvalis) Қазақстанның орманды және орманды-дала аймақтарында кездесетін қосмекенділердің бірі. Ол негізінен ылғалды шалғындарда, су айдындарының маңында, орман шеттері мен батпақты жерлерге жақын аумақтарда мекендейді.
Бақаның жаңа түрі резерват аумағында жүргізілген биоалуантүрлілікті зерттеу және тұрақты мониторинг жұмыстары кезінде анықталған.
Резерват мамандарының айтуынша, мұндай бақылау жұмыстары өңірдегі жануарлар дүниесінің түрлік құрамын анықтауға, табиғи экожүйелердің жағдайын бағалауға және биоалуантүрлілік туралы деректерді толықтыруға мүмкіндік береді.
Мамандардың сөзінше, әрбір жаңа тіркелген түр резерват аумағындағы табиғи ортаның алуан түрлі екенін көрсететін маңызды дерек.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #бақа #сүйіртұмсық көлбақа #Ертіс орманыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz