RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Әлихан Бөкейхан университетінде жаңа күн электр станциясы іске қосылды

17.09.2026, 17:48 53

Әлихан Бөкейхан университетінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға бағытталған қуаты 59 кВт күн электр станциясы іске қосылды, деп хабарлайды «24KZ».

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бұл бастама оқу орнының электр энергиясына қажеттілігінің жартысын өтеп қана қоймай, студенттер үшін практикалық ғылыми базаға айналмақ.

Университет кампусының шатырына жалпы қуаты 59 кВт болатын 96 күн панелі орнатылды. Алдын ала есептеулер бойынша станция жылына шамамен 60 мың кВт·сағ электр энергиясын өндіреді, бұл қосылған нысандардың электр энергиясына қажеттілігінің 50%-на дейін өтеуге мүмкіндік береді. Күн энергиясын пайдалану арқылы қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту көзделіп отыр, нәтижесінде көмірқышқыл газының шығарындылары жыл сайын шамамен 31 тоннаға қысқарады.

Станция тек энергия қажеттілігін өтеп қоймай, оқу және ғылыми-зерттеу үдерісінің практикалық базасы ретінде де қызмет етеді. Студенттер «жасыл» технологиялар мен фотоэлектрлік жүйелер бойынша зерттеу жасап, практикалық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік алады.

Аталған жоба университеттің экологиялық жауапкершілігін күшейтіп қана қоймай, QS World University Rankings: Sustainability, Times Higher Education Impact Rankings және UI GreenMetric World University Rankings сияқты халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін жақсартуға және БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға үлес қосады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz