RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда МИБ пен ПИК-тер қоқысты сұрыптағаны үшін төлем ала алады

18.09.2026, 12:44 46

Қазақстандық Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ), пәтер иелерінің кооперативі (ПИК) және басқарушы компаниялар қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеуге бергені үшін ақшалай төлем ала алады, деп хабарлайды 24KZ.

Мемлекеттік төлемдерге үміткер болу үшін ұйым Қазақстан аумағында жұмыс істеуі, банкроттық немесе тарату рәсімінде болмауы және экология саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік электронды рұқсаттар мен хабарламалар тізілімінде тіркелуі керек.

Сонымен қатар кемінде 2 бөлек қоқыс жинайтын контейнер немесе қалдықтарды уақытша сақтауға арналған 1 жабдықталған орын болуы қажет.

Көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының оң шешім қабылдағанын растайтын дауыс беру құжаты да талап етіледі.

Тіркеу ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі. Құжаттар мақұлданғаннан кейін үлгілік шарт жасалып, ұйым төлем алушы мәртебесіне ие болады.

Төлем тек қайта өңдеуге өткізілген қалдықтар үшін беріледі. Полигондардағы және тұрмыстық қатты қалдықтарды орталықтандырылған жинау жүйесіндегі қоқыс үшін төлем қарастырылмаған.

Тиісті өзгерістер Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 9 қыркүйектегі №200 бұйрығымен бекітілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz