RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстан өзендері мен су қоймаларына 300 мыңға жуық балық шабағы жіберілді

18.09.2026, 17:17 48

Қазақстанның су айдындарына экологиялық акция аясында 300 мыңға жуық әртүрлі балық түрінің шабағы жіберілді, деп хабарлайды 24KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

«Өзенге өмір сыйла» акциясы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылған.

Балықтандыру жұмыстары Сырдария, Нұра, Сілеті және Соколовка өзендерінде, сондай-ақ Қапшағай мен Ақтөбе су қоймаларында жүргізілді. Су айдындарына тұқы, ақ амур, сазан, шортан, мөңке және дөңмаңдайдың 280 мыңнан астам шабағы жіберілді.

Акцияға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, экология департаменттерінің қызметкерлері, табиғат пайдаланушылар, қоғамдық белсенділер, студенттер, блогерлер мен өңір тұрғындары қатысты.

Жалпы экологиялық іс-шараларға 500-ге жуық адам қатысып, 50-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

«Өзенге өмір сыйла» акциясы су айдындарындағы балық қорын сақтау және толықтыруға, су биоресурстарын қорғауға, сондай-ақ олардың санын қалпына келтіріп, көбейтуге бағытталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz