RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай депутаттары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

19.09.2026, 19:19 40

Құрылтай депутаттары да "Таза Қазақстан" акциясына қатысты.

Ұлттық музей маңындағы аллеяға қарағаш пен сібір шыршасының 150 түп көшеті егілді. Шәмші Қалдаяқов көшесі бойындағы аумақты көгалдандыру жұмысына Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай бастаған депутаттар қатысты. Құрылтай Спикері Мемлекет басшысы бастамашылық еткен экологиялық акция елді абаттандыру мен көгалдандыруға ғана емес, сонымен қатар әр адамның жауапкершілігін қалыптастыруға, қоғамдық кеңістікке және қоршаған ортаға құрметпен қарауға бағытталғанын атап өтті.

Мейірхат Қасымбаев, Құрылтай депутаты:

- Өздеріңіз білесіздер, "Таза Қазақстан" қағидаты президент бастамасымен басталған қағидат. Бұл тек сенбілік пен ағаш отырғызумен шектелмейді. Бұл әрбір жанұяда, әрбір адамның жауапкершілігі ретінде болашақ, келешек ұрпақ тәрбиелеу мақсатында айтылған қағидат.

Лаура Қарабасова, Құрылтай депутаты:

- «Таза Қазақстан» бұл жаңа қоғамдық мәдениеттің үлгісі. Жеке әр адамның жауапкершілігі. Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" бастамасы бүгінгі таңда жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Бірыңғай цифрлық платформаның енгізілуі, тазалықтың бірыңғай стандартының енгізілуі, өңірлердің рейтингі. Осының барлығы бізге жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz