Көлсай көлдері ұлттық паркінде қоңыр аю бейнежазбаға түсіп қалды. Жабайы аңды мамандар аң санағы кезінде орман арасында жүріп бара жатқан жерінен байқап қалған, деп хабарлайды 24KZ.
Кадрдан қоңыр аюдың табиғи ортада еркін қозғалып жүргенін көруге болады.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, қоңыр аю — Көлсай көлдері аумағын мекендейтін жабайы жануарлардың бірі.
Мұндай бейнежазбалар ұлттық парктегі жануарлар дүниесін бақылауға және олардың табиғи ортадағы тіршілігін зерделеуге мүмкіндік береді.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #қоңыр аю #КөлсайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz