RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Атырауда экологиялық талапты бұзған компания 334 млн теңге айыппұл арқалады

07.10.2026, 16:26 55

Атырау облысында «Магистралды су құбыры» ЖШС-не ластанған топырақ қалдықтарын жинақтау лимитін бұзғаны үшін 334,1 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды 24KZ.

Облыстық Экология департаменті анықталған заңбұзушылық бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік іс қозғап, тиісті хаттама толтырған.

Компания департаменттің шешіміне сот арқылы шағымданған. Алайда Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты шағымды қанағаттандырмады. Кейін Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы да апелляциялық шағымды кері қайтарды.

Осылайша, сот шешімімен компанияның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны расталды. 334,1 млн теңге көлеміндегі айыппұл толық өндіріліп, мемлекеттік бюджетке аударылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz