RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

07.10.2026, 17:38 43

8 қазан күні  елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Солтүстік пен шығыста күн салқындайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Синоптиктердің болжамынша, Астана, Көкшетау, Қостанай, Петропавл және Павлодарда жаңбыр жауады. Солтүстік Қазақстан облысында найзағай болуы мүмкін. Бірқатар өңірде желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Астанада түнде +5+7, күндіз +11+13 градус болады. Көкшетауда күндіз +8+10, Қостанайда +12+14, Петропавлда +8+10, Павлодарда +10+12 градус күтіледі.

Қарағанды облысында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, жел күшейеді. Өскемен мен Семейде де күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы +11+13 градус шамасында болады.

Оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады. Алматыда күндіз +17+19, Талдықорғанда +18+20, Шымкент пен Түркістанда +21+23, Қызылордада +22+24 градусқа дейін көтеріледі.

Батыс өңірлерде де жауын-шашынсыз күн райы басым. Атырауда +22+24, Ақтауда +21+23, Оралда +17+19, Ақтөбеде +16+18 градус болады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz