RU
Толық нұсқаға өту

«Таза Қазақстан»: Павлодар облысында 40 тоннаға жуық қоқыс жиналды

14.10.2026, 22:55 37

«Таза Қазақстан» Road-эстафетасына қатысушылар Ақмола және Павлодар облыстарында 40 тоннаға жуық қоқыс жинады, деп хабарлайды 24KZ.

«Әділет» партиясының жастар қанаты ұйымдастырған экологиялық шарада белсенділер 474 шақырымға жуық жол жүріп, жол бойы мен табиғи нысандарды тазалады. Волонтерлер «Кемпір-Тас» тауы аумағын да қоқыстан арылтты. Ал «Вандализмге жол жоқ!» акциясы аясында табиғи нысандардағы жазулар мен граффитилерді жою жұмыстарын жүргізді. Эстафета аясында Екібастұзда ашық аспан астындағы Open Air концерті өтті. Алдағы уақытта жастар арасында «Чемпиондық рух» жобасы аясында спорт шаралары ұйымдастырылып, жол бойындағы тазалық жұмыстары жалғасын табады», – дейді ұйымдастырушылар.

Мерей Сапарова, «Әділет» партиясы жастар қанатының мүшесі:

– Мысалы, қазір ұйымдастырылып жатқан «Вандализмге жол жоқ!» акциясы барысында да оқушылар, жастар, студенттер тек қана тарихи маңызы бар жерлерді тазалап қана қоймай, олардың тарихымен де танысады. Сондықтан тарихты да, экологияны да бір арнада тоғыстыра білген маңызды шара деп есептеймін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz