RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

«Казцинк» ауаны ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды

16.10.2026, 10:04 34

«Казцинк» кәсіпорнында экологиялық талаптардың бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды «24KZ». 

Өскемен тұрғындары өнеркәсіптік аймақтағы ауаның ластануына бірнеше рет шағымданғаннан кейін экологтар жоспардан тыс тексеру жүргізді. 

Шығыс Қазақстан облысының Экология департаменті 2026 жылғы 15 қазанда «Казцинк» ЖШС-нің Өскемен металлургиялық кешенінде жүргізілген жоспардан тыс тексерудің аяқталғанын хабарлады.

Зертханалық зерттеулер кәсіпорынның атмосфераға ластаушы заттарды белгіленген мөлшерден артық шығарғанын көрсетті.

Анықталған бұзушылықтар кейбір газ тазарту қондырғыларының дұрыс пайдаланылмағанын көрсетеді. Соның салдарынан өндірістен бөлінетін газдар жобада көзделген деңгейде тазартылмай отыр", – деп түсіндірді ведомство.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328 және 331-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорынға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz