RU
Толық нұсқаға өту

«Таза Қазақстан» эстафетасы Абай облысында: Жидебай қорығы тазартылды

16.10.2026, 11:40 38

«Таза Қазақстан» Road-эстафетасы Абай облысына жетті. «Әділет» партиясының жастар қанатының белсенділері Жидебай қорығының аумағын қоқыстан тазартып, тарихи нысандардағы заңсыз жазуларды өшірді, деп хабарлайды 24KZ.

Тазалық жұмыстары «Вандализмге жол жоқ!» республикалық акциясы шеңберінде ұйымдастырылды. Негізгі міндет – тарихи мұраны қорғап, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті арттыру. Эстафета Шығыс Қазақстан облысында жалғасады. Жалпы акцияға 5 мыңға жуық ерікті қатысып жатыр. Олар төрт күнде 1 мың 800 шақырымға жуық жол жүріп, төрт облыстың 10 ауданы мен 59 ауылын қамтиды.

Темірлан Бақтияров, «Әділет» партиясы Абай облыстық жастар қанатының төрағасы:

– Абай ауданындағы Жидебай қорығында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қорықтың аясын вандализмнен сақтау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар экоактивити болады. Осының бәрі Road-эстафета аясында өткізілуде. Аудан халқы бұл акцияға қосыла қатысып жатқан жайы бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz