RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде «Қазцинк» зауыты экологиялық заң талаптарын бұзды

16.10.2026, 20:00 28

Өскеменде "Казцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Металлругиялық кешеннің аумағында тексеріс жүргізген экологтар ауаға тараған зиянды қалдықтың шектен асып кеткенін анықтады. Мамандардың айтуынша, зауыттағы газ тазарту қондырғыларының кейбірі дұрыс жұмыс істемеген. Салдарынан экологиялық талаптар орындалмаған. Қыркүйекте бірнеше күн бойы қаланы көк тұман басып, тұрғындардан шағым жиілеген. Әкімшілік жауапкершіліктен бөлек, кәсіпорын басшылығына технологиялық олқылықтарды жою туралы нақты нұсқама берілді.

Меруерт Ризабекова, экология департаментінің бөлім басшысы:

- Біз соңғы рет наурыз айында тексеріс жасаған едік, енді міне қазан айында қосымша тексеріп шықтық. Заң бұзушылықтар қайталанып тұр. Зауыт басшылығына анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді. Қазір қоршаған ортаны қорғауға қатысты жоспарлар талқыланып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz