Шығыс Қазақстан облысында аюлардың елді мекендерге келуі жиілеген.
Тек осы аптаның өзінде орман күзетшілеріне екі рет шақырту түскен. Мамандар мұны табиғи азық қорының азаюымен байланыстырады. 90-нан астам арыз-шағым тіркелсе, оның 72-сі адамдардың аюлармен бетпе-бет келуіне қатысты. Тіпті омарташыға шабуыл жасалған. Қазір Алтай мен Риддер маңында жыртқыштарды орманға қайтару жұмыстары жалғасуда. Мамандар күн суытқан соң аюлар қысқы ұйқыға кетіп, қауіп сейіледі деп күтеді.
Сергей Карманников, орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету жасағының орынбасары:
- Аю табиғатынан қысқы ұйқыға кететін жануар. Оған дейін денесіне май жинап үлгіреді деп ойлаймын. Әдетте олар қазан айының соңы мен қарашаның басында, яғни қар жауатын кезеңнің алдында апанына кіреді. Соңғы уақытта тұрғындардан түсетін арыз-шағым азайғаны байқалады.
Тегтер #ШҚО #аюлар #ауыл #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz