RU
Толық нұсқаға өту
фото: gov.kz

Астаналық оқушы халықаралық жастар қозғалысының президенті атанды

19.10.2026, 15:21 33

Астанадағы №71 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Айгерім Жиенбек Earth Ambassadors («Жер амбассадорлары») халықаралық жастар қозғалысының президенті атанды, деп хабарлайды «24KZ»

Айгерім соңғы екі жыл бойы экология, жастар дипломатиясы, халықаралық ынтымақтастық және білім беру салаларындағы жобаларға белсенді қатысып келеді. 

Ол қоғамдық қызметін сегізінші сыныпта бастаған. Алғашында түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесіп, кейін қозғалыстың халықаралық қатынастар бөлімінің үйлестірушісі болған. Эстония, Біріккен Араб Әмірліктері және Бразилия елшіліктерімен байланысты іс-шараларға қатысып, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосты.

Сонымен қатар Айгерім португал тілі мен мәдениетін дәріптеу мақсатында тіл клубын құрған. Гендерлік теңдік пен әйелдер құқығын қорғауға арналған жеке іс-шара ұйымдастырды.

Айгерім Жиенбектің экология саласында да жетістіктері бар. Pro Eco республикалық байқауында екінші орын алып, өз жобасын Қазақстанның Экология министріне таныстырды. Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ағаш отырғызу іс-шараларына, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және бизнес өкілдерімен бірлескен экологиялық жобаларға қатысты.

Қыркүйек айында Айгерім қозғалыстың президенті болып тағайындалды. Қазір жас көшбасшы жастар бастамаларын қолдауға, халықаралық байланыстарды нығайтуға және экологиялық мәдениетті дамытуға ерекше көңіл бөліп жүр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz