RU
Толық нұсқаға өту

Павлодар облысында киік саны 100 мыңнан асты

21.10.2026, 07:00 37

Бетпақдала популяциясына жататын ақбөкендер Баянауыл және Май аудандарының аумағын мекендейді.

Мамандардың айтуынша, киік санының артуы табиғи ортаның жайлы болуы әрі қорғау шараларының арқасы. Сондай-ақ биыл ақбөкендер көбіне егізден төлдеген. Тек бір қиындығы, киіктердің жаппай көші-қоны кезінде егістік алқаптарға зиян келуі мүмкін. Осыған байланысты мамыр айынан тамыздың соңына дейін Май ауданында 46 мың гектардан астам егістік алқап бақылауға алынады. Киікті қайырып, егінге түсірмей отыратын арнайы жедел топтар бар. Биыл бұл жұмысқа 50 адам, 13 патрульдік көлік және екі КамАЗ жұмылдырылған. Бір тәуірі кейінгі екі жылда ақбөкендерге қатысты браконьерлік деректер тіркелмеген.

Ерік Түсіпов "Көктөбе", орман шаруашылығының  шебері:

- Киіктердің күрт санының өсуі оларға жайлы жағдайдың жасалуына байланысты болып отыр. Олар негізінен енді Май ауданы мен Баянауыл ауданы шекаралас болғандықтан сол аудандардың жайылым аумақтарын мекендейді. Соңғы жылдары енді біз егіндік алқаптарды құртпай, егіндік дақылдарды бүлдірмеу мақсатында оларды жайылым алқаптарына қарай айдау жұмыстарымен айналысамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz