RU
Толық нұсқаға өту
ЖИ

«Таза Қазақстан» : қазақстандықтардың үштен бірі ел тазалығы үшін бірікті

22.10.2026, 10:30 35

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы бүкіл елді біріктірген қуатты қозғалысқа айналып, рекордтық нәтижелерге қол жеткізді: жоба аясында 6,9 миллионнан астам адам жұмылып, 1,1 миллион гектар аумақ тазартылды және 844 мың тонна қалдық шығарылды, деп хабарлайды «24KZ».

Бүгінде «Таза Қазақстан» жобасы жай ғана тазалық акциясы емес, әрқайсымыздың туған жерге деген жанашырлығымыз бен ортақ үйімізге деген жауапкершілігімізді көрсететін үлкен мәдениетке ұласты. Миллиондаған адамның бір мақсат жолында жұдырықтай жұмылып, тазалық үшін бірігуі – қоғамның санасы өсіп, ауызбіршілігіміздің арта түскенінің айқын дәлелі.

Ауқымды экологиялық бастама ел бойынша нақты істермен жалғасып, ортақ күш-жігермен 1,3 миллионнан астам ағаш отырғызылды, сондай-ақ жыл басынан бері азаматтар, еріктілер, жастар, мемлекеттік органдар, бизнес және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен 753 экологиялық іс-шара өткізілді.

Өскелең ұрпақ және жаңа мәдениет Бастаманың ең маңызды бағыттарының бірі – ерте жастан экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Жасыл балабақша» жобасы аясында экологиялық бағыттағы 295 мектепке дейінгі ұйым құрылса, мектептерде экологиялық тәрбие бойынша 158 мыңнан астам сынып сағаты өткізілді.

Халықтық бақылау күшейді Елімізде қоғамдық экологиялық бақылау да белсенді дамып келеді. Мәселен, TazaQazBot Telegram-чат-боты арқылы санитарлық жағдай және аумақтарды абаттандыру мәселелері бойынша 59,6 мың өтінім келіп түсіп, тұрғындардың тарапынан қадағалаудың күшейгенін көрсетті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz