RU
Толық нұсқаға өту

Елорда көшелерін тәулігіне 2 мыңға жуық адам тазалайды

22.10.2026, 14:00 41

«Таза Қазақстан» дегенде көше сыпырушылар да еске түседі. Себебі күндіз-түні елді мекендердің тазалығына жауапты боп отырған міне, солар, деп хабарлайды 24KZ.

Мәселен, бір ғана Астана қаласының өзінде бір тәулікте бас шаһардың көшелерін сыпыруға 2 мыңға жуық адам жұмылдырылады. «Ал қыстыгүні жұмысшылардың қатары 3 мыңнан асып кетеді», – дейді жауаптылар. Олар бірнеше коммуналдық мекеменің қызметкерлері. Әр мекеменің өз кестесіне қарай 3 немесе 4 ауысымға бөліп жұмыс істейді. Айталық, бір ғана «Астана Тазалық» мекемесінің өзінде тәулігіне 700-ден астам жұмысшы көше сыпыруға шығады.

Ержан Пашанов, «Астана Тазалық» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары:

– «Астана Тазалық» мекемесі қала бойынша 5 ауданда қызмет жасайды. Сол 5 ауданда 18 сыпыру маршруты ұйымдастырылған. Әрқайсысына 8 техникадан берілген. Сонымен қатар жол жұмысшыларынан жасақталған 27 бригада бар. Әр бригадада кемінде 25-30 адамнан болады. Негізгі көп жұмыстар бізде түн мезгілінде атқарылады. Қар шығару, оның ішінде көшелерді тазарту, жаяу жол жүргіншілерін тазарту.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz