RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда Республика күніне орай екі сенбілік өтті

25.10.2026, 19:19 31

Алматыда Республика күніне орай екі бірдей экологиялық сенбілік өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Соның бірі Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі аумағындағы Үлкен және Кіші Алматы шатқалында ұйымдастырылып, тазарту жұмыстары жүргізілді. Экологиялық акцияға әкімдік пен ұлттық парк қызметкерлері, волонтерлар мен қала тұрғындары қатысты. Бұл маңға туристер көп келеді. Биылдың өзінде 5 млн демалушы табан тіреген. Туристер ағынының артуына байланысты тазалық мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Табиғат аясына қоқыстарын қалдырып, аумақты ластап кететіндер де бар. Осыған байланысты полиция патрульдік жұмыстарды  күшейтті.

Марина Яцун, қоғам белсендісі:

- Бұл туристер көп келетін орын. Себебі өте танымал. Үлкен Алматы көлін блогерлердің бәрі демеймін, бірақ кейбірі қоқысты өзімен бірге алып кету керектігін, демалған жерді тазалап кету қажеттігін айтуды ұмытып кетеді. Нақтырақ айтқанда, бұл туралы толық ақпарат бермейді. Осындай әсем табиғатты сіз боп, біз боп бірігіп аялауымыз қажет. Қорғауымыз керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz