RU
Толық нұсқаға өту

"Таза Қазақстан" бағдарламасы цифрландырылып жатыр

27.10.2026, 14:28 33

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқанының ауқымын кеңейту мақсатында оның бағдарламасы цифрландырылып жатыр.

Бұл туралы «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі жанындағы Экология, ESG және әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі салалық кеңесінің алғашқы отырысында айтылды. Жиында Мемлекет басшысының осы бағытқа қатысты пәрмені, яғни тазалықтың ұлттық стандартын әзірлеу, қалалардың сәулеттік келбетін үйлесімді құру және урбанистикадағы озық тәжірибені өңірлерге тарату тапсырмасын орындау барысы талқыланды. Отырысқа қатысқан Экология және табиғи ресурстар вице-министрі мемлекеттік экологиялық саясаттағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ал Құрылтай депутаттары Астана мен Алматының тәжірибесіне сүйеніп, барлық аймақта урбанистика орталықтарын құруды ұсынды. Сондай-ақ әр қала мен елді мекенде 20-дан астам қоқыс қабылдау пунктін ашу қажеттігін алға тартты. 

Арман Хайруллин, ҚР Құрылтай депутаты:

- Президентіміз «Таза Қазақстан» бастамасын жаңа сапалы деңгейге көтеруге тапсырма берді. Әділет партиясы бағдарламасының өзегі – осы бағдарламаны жүзеге асыру. Сондай-ақ әрбір қалада, кем дегенде, елді мекендерде 20-дан астам қоқыс қабылдау пунктілерін жасауымыз керек. Ол кәдеге жаратуды және өскелең ұрпақтың осыны түсінуіне септігін тигізеді деп есептеймін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz