RU
Толық нұсқаға өту
фото: gov.kz

Амур мен Үміт: Іле-Балқаш резерватындағы жолбарыстардың жағдайы қалай?

05.11.2026, 13:37 42

Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына жеткізілген Амур есімді аталық жолбарыс жаңа ортаға бейімделіп жатыр. Ал жазда әкелінген Үміт есімді аналықтың жағдайы жақсы. Қазір мамандар қос жыртқыштың тіршілігін қатаң бақылауға алған. Бұл туралы 24KZ телеарнасына резерваттың жануарлар дүниесі бөлімінің басшысы Нариман Қасабеков мәлімдеді.

Маманның айтуынша, Амур резерват аумағына жеткізілгеніне бес күн болған. Қазір ол жаңа ортаға үйреніп, бақылауда жүр. Ал Үміт бейімделіп үлгерген. Мамандар оның қоректену ерекшеліктерін де зерттеп жатыр.

Амур да, Үміт те резерват аумағында еркін жүр. Бұл жер әуел бастан арнайы зерттеліп, жолбарыстарға қолайлы мекен ретінде таңдалған. Мұнда елді мекендер мен мал жайылымдары алыс орналасқан, – деді Нариман Қасабеков.

Жолбарыстардың негізгі қорегі – жабайы қабан. Бұдан бөлек, резерват аумағында бұғы, құлан, қарақұйрық және басқа да аша тұяқты жануарлар жеткілікті. Мамандар жыртқыштардың немен қоректенетінін арнайы бақылау құрылғылары арқылы қадағалап отыр.

Іле-Балқаш резерватының аумағы 415 мың гектарды құрайды. Оның құрамына сексеуілді алқаптар, құмды өңірлер, көлдер мен Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы кіреді.

Мамандар жолбарыстардың резерват аумағынан алыстап кетпеуіне де назар аударып отыр. Ол үшін жабайы қабан мен бұғы сияқты қорек болатын жануарлардың мекендеу ортасын сақтауға және олардың жеткілікті болуына жағдай жасалуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz