Сенбі, 7 қараша күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, қар, тұман және көктайғақ болады деп күтілуде. Елдің шығысында желдің екпіні секундына 28 метрге жетуі мүмкін. Сонымен қатар, оңтүстікте жылы ауа райы сақталып, кей жерлерде ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды «24KZ» «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола облысында түнде солтүстікте, оңтүстікте және шығыста жаңбыр мен қар, күндіз оңтүстікте және шығыста жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Түнде оңтүстікте және шығыста желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде −1…−6 градус, оңтүстікте және шығыста +3 градусқа дейін, күндіз +4…+9 градус болады.
Батыс Қазақстан облысында түнде батыста, солтүстікте және шығыста жаңбыр мен қар, күндіз батыста және солтүстікте жаңбыр жауады. Түнде және таңертең бұл аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз солтүстікте, шығыста және оңтүстікте желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде температура 0…+5 градус, солтүстікте және шығыста −2 градусқа дейін, күндіз +3…+8 градус болады.
Ақтөбе облысында солтүстік-батыста және солтүстікте жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын және көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен орталығында тұман болжанады. Ауа температурасы түнде −1…−6 градус, батыста +2 градусқа дейін, күндіз +3…+8 градус болады.
Қостанай облысында түнде оңтүстік-шығыста жаңбыр, қар және көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстікте және шығыста тұман түседі, күндіз солтүстікте және шығыста желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде −2…−7 градус, күндіз +2…+7 градус болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде шығыста және оңтүстікте жаңбыр мен қар, солтүстікте аздаған жауын-шашын болады. Жекелеген аудандарда көктайғақ пен тұман күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде температура −3…−8 градус, шығыста +1 градусқа дейін, күндіз +1…+6 градус болады.
Павлодар облысында түнде батыста, солтүстікте және орталықта, ал күндіз барлық облыс аумағында жаңбыр мен қар жауады. Түнде жекелеген аудандарда жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +2…+7 градус, күндіз +5…+10 градус болады.
Қарағанды облысында түнде батыста және солтүстікте жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстікте және шығыста тұман болжанады. Түнде және таңертең жекелеген аудандарда желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде температура +2…+7 градус, шығыста −2 градусқа дейін, күндіз +5…+10 градус, оңтүстікте +13 градусқа дейін болады.
Ұлытау облысында түнде және таңертең жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Солтүстікте, шығыста және орталықта тұман түседі. Түнде шығыста жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +2…+7 градус, батыста −2 градусқа дейін, күндіз +10…+15 градус, батыста +7 градус шамасында болады.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтілмейді. Дегенмен, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде −1…−6 градус, таулы аймақтарда −10 градусқа дейін, солтүстік-батыста +2 градусқа дейін болады. Күндіз +7…+12 градус, таулы жерлерде +3 градус шамасында күтіледі.
Абай облысында күндіз батыста, солтүстікте және орталықта жаңбыр жауады. Жел түнде солтүстікте және орталықта секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз облыс бойынша жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды, батыста, солтүстікте және орталықта екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Түнде температура −2…−7 градус, батыста және солтүстікте +2 градусқа дейін, күндіз +7…+12 градус, оңтүстікте +15 градусқа дейін болады.
Жетісу облысында жауын-шашын болжанмайды. Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман күтіледі. Алакөл көздері ауданында желдің екпіні секундына 15-20, кей уақытта 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +3…+8 градус, облыс орталығында −3 градусқа дейін үсік жүреді, таулы аймақтарда −3 градусқа дейін болады. Күндіз ауа +19…+24 градусқа дейін, таулы жерлерде +15 градусқа дейін жылынады.
Алматы облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең батыста, оңтүстікте және таулы аймақтарда тұман болжанады. Облыстың батысы мен шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +2…+7 градус, таулы жерлерде −3…−8 градус, күндіз +15…+20 градус, таулы аймақтарда +5…+10 градус болады.
Түркістан облысында оңтүстікте, батыста, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тауда тұман күтіледі. Таулы аудандарда жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+15 градус, солтүстікте және таулы жерлерде +5 градус шамасында, күндіз +18…+23 градус, солтүстікте және таулы жерлерде +14 градус шамасында болады.
Жамбыл облысында түнде және таңертең батыста және солтүстікте жаңбыр жауады, таулы аймақтарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыста және тауда желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +5…+10 градус, таулы жерлерде −1 градусқа дейін, күндіз +20…+25 градус, тауда +15 градус шамасында болады.
Қызылорда облысында түнде солтүстікте, шығыста және орталықта жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Шығыста және орталықта тұман болжанады. Ауа температурасы түнде +2…+7 градус, шығыста +10 градусқа дейін, батыста және солтүстікте −3 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз ауа +13…+18 градусқа дейін, шығыста +22 градусқа дейін, батыста және солтүстікте +9 градус шамасында жылынады.
Атырау облысында күндіз солтүстікте және шығыста аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батыста және оңтүстікте тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде 0…+5 градус, шығыста −3 градусқа дейін, күндіз +6…+11 градус болады.
Маңғыстау облысында таңертең және күндіз жаңбыр жауады, облыс орталығында кей уақытта қатты жауын болады. Түнде және таңертең солтүстікте тұман болжанады. Күндіз батыста және орталықта желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +1…+6 градус, солтүстікте −4 градусқа дейін, күндіз +6…+11 градус болады.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #ауа райы болжамы #ҚазгидрометPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz