Түркиядағы СОР31 халықаралық климаттық конференциясы аясында Қазақстан павильоны жұмысын бастады.
Аумағы 250 шаршы метрді құрайтын кеңістік байтақ даланың еркіндігін айшықтайтын үлгіде безендірілген. Ал цифрлық гид ретінде «Үміт» пен «Амур» атты тұран жолбарыстарының бейнесіндегі жасанды интеллект модельдері ұсынылған. Интерактивті жолкөрсетуші шетелдік қонақтарға еліміздің экологиялық бастамалары мен технологиялық жобаларын бірнеше тілде таныстырады. Экспозицияда Қазақстанның биоалуандылықты сақтау мен табиғи экожүйені қалпына келтірудегі жетістіктері ұсынылған. Бұдан бөлек заманауи жасыл технологиялар мен өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу технологиясы көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ павильонда құрт, алма, шырын сияқты отандық таза аграрлық өнімдер қойылған.
Сәкен Қалқаманов, "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ Басқарма төрағасы:
- Бір ерекшелігі, тек қана экологияны көрсетпей, қазақтың салт-дәстүрін көрсетіп отырмыз. Неге десеңіз, бір идеямыз бар. Үлкен экологиялық құрақ көрпені тігу осы павильонның жұмысы аясында. Әр қонағымыз өз тілінде экологияға, климатқа байланысты пікірін жазады да әр шүберекке, одан кейін құрақ көрпе тігіліп, БҰҰ-ға осы құрақ көрпені ұсынайын деп жатырмыз. Және ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен біздің таза аграрлық өнімді ұсынып отырмыз.
Тегтер #Анталия #COP31 #Түркия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz